«Мынау жалған дүниеден көсем де өткен не бұлбұл, шешен де өткен не дүлдүл…» Ақын Абайдың сөзін биыл жұрт жете түсінгендей. Қаңтар айынан бері қазақ мәдениеті мен әдебиеті қаншама рет қара жамылды. Өнер де, ғылым да, саясат та өзінің алыптарын жоғалтып, қайғырып көңіл айтумен болдық. Тұтас бір дәуірді үзіп түсірген жылан жылында кімдермен қоштастық, бір тағзым етейік.