Министрлер әр жұмыстың басын бір шалғанды қашан қояды? Шалғай ауылдар мен аудандардың өзін сапалы интернетпен қарқ қыла алмай отырғанда, енді ғаламтор еліміздің бүкіл трассаларына тартылмақ. Ұлан-байтақ даламыздың бірде тегіс, көбіне ойлы-қырлы 40 мың шақырымнан астам жолына интернет пайда болатын күн алыс емес сияқты. Жауаптылардың есебі осылай. Себебі, министрлік арнайы жоба бастады. Ал, премьерге есеп берген жауапты ведомство басшысы тіпті елдімекендердің 99%-ы сапалы интернетпен қамтамасыз етілді деп есеп берді.