Перейти к содержимому
· 27 просмотров

ЕРТІС ӨЗЕНІНІҢ ЖАҒАЛАУЫ ОПЫРЫЛЫП ЖАТЫР

Ертіс өзенінің жағасы опырылып, тұрғындардың үйлеріне, аула-қораларына жақындап келеді. Дабыл қаққан қараша көмек сұрап, шыр-пыр. Прапорщиково ауылының тұрғындары ахуалды айтып, бірнеше жылдан бері қақсап келеді екен. Бірінің сырттағы әжетханасын су ағызып әкетсе, енді бірінің бақшасын шайған. Бұлай жалғаса берсе, көп кешікпей электр бағаналарын да құлатып кетеді деп алаңдайды. Ал жергілікті билік Ертіс өзеніндегі су деңгейі гидроэлектр станциядан жіберілген судың көлеміне байланысты көтерілгенін айтып отыр. Қазір жағалауды бекіту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ғалымжан Кенжебеков

← Все новости