Перейти к содержимому
· 25 просмотров

ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІ ӨРІСТЕДІ

Еліміз енді тек шикізатқа тәуелді емес. Өңдеу өнеркәсібі адымдап алға басып келеді. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында жалпы ішкі өнім көлемі 3%-ға өсті. Бұл – экономиканы әртараптандыру аясында қол жеткізілген көрсеткіш. Бұған инвестициялық белсенділік пен өндіріс орындарын технологиялық жаңғыртуға бағытталған бастамалар оң ықпал еткен. Бүгін Үкімет отырысында нарықтың әлеуеті мен оны әрі қарай дамыту тетіктері қаралды. Премьер-министр Олжас Бектенов ішкі экономиканың тұрақты дамып жатқанын атап өтті.

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ, ҚР ПРЕМЬЕР-МИНИСТРІ:

«Бұл көрсеткіш шикізаттық емес секторда, оның ішінде өңдеу өнеркәсібі, көлік, құрылыс, сауда салаларындағы орнықты өсу есебінен қамтамасыз етілгенін айта кету керек. Күрделі сыртқы экономикалық ахуалға қарамастан, осы сектор өзінің тұрақтылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсетіп отыр».

Өткен жылы да экономикадағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі едәуір артқан. Тіпті тау-кен өнеркәсібін басып озды, – дейді Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Азамат Әмрин. Оның айтуынша, салалар арасында ең жоғары өсім құрылыс секторына тиесілі – 14,8%. Екінші орында көлік қызметтері – 12,8%. Ал өңдеу өнеркәсібі 8,5% өсім көрсеткен.

АЗАМАТ ӘМРИН, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА БІРІНШІ ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

«Мұнай секторының ЖІӨ-дегі үлесі екі есе қысқарды. 2010 жылы ол 16,5% болса, 2024 жылы 8,1%-ға дейін төмендеді. Тұрақты дамуды қамтамасыз ету үшін экономиканы одан әрі әртараптандыруға баса назар аудару қажет. Бұл “орташа табыс тұзағынан” шығуға мүмкіндік береді».

Бердібек Қарынбай

← Все новости