Көлік айдауға ниеттілер үшін жүргізуші куәлігін алу тәртібі өзгерді. Енді емтиханнан өте алмағандар оны ақылы негізде, 10 күннен кейін қайта тапсыра алады. Жауаптылардың айтуынша, бұл өзгеріс құжат алуды жеңілдетіп, сыбайлас жемқорлықты азайтуға бағытталған.
Айта кетейік, бұған дейін жүргізуші куәлігін алу үшін үміткерлерге небәрі 3 рет тегін мүмкіндік берілетін. Алғашқы екі емтиханның арасы бір күн болса, үшіншісі 30 күннен кейін өткізілетін. Егер үміткер бұл мүмкіндікті пайдалана алмаса, қайта оқу курсынан өтуге мәжбүр болатын.
Рамазан Палмағанбет