Перейти к содержимому
· 33 просмотра

АЛМАТЫДА КЕНГУРУЛАР БОКСТАСЫП ЖҮР

Алматы хайуанаттар бағында үш кенгуру төлдеді. Зообақ қызметкерлері оларға ат қою үшін көпшіліктен көмек сұраған. Әлеуметтік желі қолданушыларының ұсынысымен кішкентай кенгуруларға Сұлтан, Ерке және Тимоша деген есімдер берілген. Олар қазір енесінің қалтасынан шығып, ортақ қоршауға үйреніп қалған. Бес айлығынан бастап қосымша тамақ беріле бастайды. Жалпы зообақта 14 қалталы жануар бар.

НАЗИРА ІЛДИЕВА, ХАЙУАНАТТАР БАҒЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ:

«Кенгурулардың аттарын шақырамын. Өздері де мені еркелеп, жүгіріп келіп, маған еркелейді. Мен оларды сипап, еркелетемін. Олар күн шуағын жақсы көреді. Ұрғашылары өте жуас болады. Ал еркектері төбелескіш келеді, бокстасып, жиі төбелеседі».

Ұлан Тәліпбай

← Все новости