Перейти к содержимому
· 17 просмотров

МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ САЙТЫНДАҒЫ МАЙШЕЛПЕК 

Атырау қаласының әкімдігі ары кетсе 4 мың тұратын калькуляторды 400 мың теңгеге сатып алмақ болған. Порталда есептегіш құралдың 10 данасы қажет деп көрсетілген. Бірақ оның нақты техникалық сипаттамасы жазылмапты. Тек бухгалтерлік калькулятор болса жеткілікті депті. Атқамінерлер осы үшін бюджеттен 3 млн 925 мың теңгені санап беруге дайын тұрған. Тіпті 2 кәсіпкер қатысуға өтініш білдіріп те үлгеріпті. Бірақ тендер көп ұзамай тоқтатылды. Әкімдіктегілердің сөзінше, тауар бағасын жазған мамандар қателік жіберіп, оны бір күннен кейін ғана байқапты. Қазір бәрі реттеліп, енді жаңа конкурс бойынша 10 калькуляторға 39 258 теңге қарастырылып жатыр.

Нұрай Құрақбай

← Все новости