Перейти к содержимому
· 40 просмотров

ЖЕТІСУ ӘКІМІ ПРЕЗИДЕНТКЕ ЕСЕП БЕРДІ

Бүгін Президент Жетісу облысының әкімін қабылдады. Бейбіт Исабаев өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы жоспарын баяндады. Мысалы былтыр бұл аймаққа 610 млрд теңге инвестиция тартылыпты. Кейінгі үш жылда 29 жаңа нысан іске қосылған және 7 кәсіпорынның жұмысы кеңейтіліпті. Соның арқасында 2 мыңға жуық адам еңбекке араласқан. Кездесу соңында мемлекет басшысы облыс басшысына бірқатар тапсырма берді.

БЕЙБІТ ИСАБАЕВ, ЖЕТІСУ ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Мемлекет басшысы облыс алдына екі міндет жүктеді. Біріншісі облысымыздың Қытай Халық Республикасымен шекаралас жатуына байланысты «Достық» торабындағы және «Қорғас» торабындағы арнайы экономикалық аймақтардағы жұмысты тиімді басқару. Екінші мәселе облысымыздың табиғи жағдайы. Қолайлы жағдайларды сараптай келе облыста туризмді дамыту».

Маржан Нүсіпбек

← Все новости