Өскеменде тегін туфлиге таласқандар тапталып қала жаздады. Бірін-бірі итеріп, есікке ентелеген жұрттың бейнежазбасы желіде желдей есті. Сөйтсе, жеке кәсіпкер дүкеннің ашылуына орай 100 жұп аяқ киім, 500 табақ палауды тегін таратқан. Тізімге тағы тәтті мақта қосып, тұрғындардың қызығушылығын оятқан.
Алайда жұрттың киім сататын орында шаруасы жоқ секілді. Бәрі жалаңаяқ қалғандай, ақысыз туфлиді алуға, тамақты ауызға салуға асыққан. Концерттік бағдарлама аяқталған бойда жаппай ішке ұмтылған. Ақыры кептеліп қалған.
Жақсылық Жасұланұлы