Перейти к содержимому
· 36 просмотров

ҚАЗАҚ ЕРТЕГІСІ ИТАЛИЯ ТӨРІНДЕ

Италияда өтіп жатқан әлемдегі ең ірі балалар әдебиеті мерекесінен сүйінші хабар жетті. «Болонья халықаралық балалар кітап жәрмеңкесі» жаһандық көрмесінде отандық туындының бағы жанды. Ең қызығы, халықаралық сарапшылардың назарын аударған кітаптың авторы — біздің әріптесіміз, «Еуразия бірінші арнасының» журналисі Айбек Қосан.

Оның «Алтыннан да қымбат достық» атты ертегісінің мұқабасы Италия төрінде көпшілікке таныстырылды. Иллюстратор Аружан Қайратқызының шеберлігімен безендірілген мұқаба көрме қонақтарының жоғары бағасын алып үлгерді. Күнделікті жедел жаңалықтардың ортасында жүріп, балаларға арнап жазған бұл еңбегі қазақ балалар әдебиетінің дамуына үлес қосады деп сенеміз. Адалдық пен достықты ту еткен туынды келер айда оқырманға жол тартпақ.

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости