Мемлекеттік қызметке жұмысқа тұрамын деп түрмеден бір-ақ шығып жүрмеңіз. Ұлттық экономика министрлігінде жаңадан келген жас мамандарды жылына бір рет абақтыға апарып, экскурсия өткізеді екен. Мақсат – бармақ басты, көз қысты әрекетке барсаң, түбі келетін жерің осы дегенді көрсету дейді, ведомствоның әдем жөніндегі уәкілі.
ЕРКІНБЕК АБУОВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ:
«Біз мына жыл сайын жылына бір рет түзету мекемелеріне апарамыз қызметкерлерді. Ол енді план работы да жоқ, ол менің өз инициативам. Басқа ешкім апармайды үйтіп. Барып көреді абақтыда отырған балаларды. Автобуспен апара жатқанда қыз-жігіттер күліп ойнап отырады Барып көрген кезде сразу төмен қарап отырады. Көрдіңіз ба ол әсер. Коррупцияға бел бұрсаң, түбі осында келесің деп келтіреміз».
Бүгін министрлікте түрлі заңсыз іс-әрекеттің алдын-алу үшін арнайы әдеп жөніндегі отырыс өтті. Жиынға Ішкі істер саласы, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметінің мамандары қатысып, жас мамандарға дәріс оқыпты. Мұндай шаралар айына кем дегенде екі рет өткізіліп отырады, дейді ұйымдастырушылар.
Нұрай Құрақпай