Қазақстанда жаңа шетелдік банк ашылмақ. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова мәлімдеді. Абу-Даби коммерциялық банкі қызмет аясын кеңейту үшін лицензия алған. Қазір бұл қаржы ұйымы елімізде ислам банкі ретінде жұмыс істеп келеді. Енді ол басқа банктер сияқты қызмет түрлерін кеңейтуді көздеп отыр. Сарапшылардың пікірінше, бұл бастама нарықтағы бәсекені күшейтіп, кейбір қаржылық өнімдердің арзандауына ықпал етуі мүмкін.
Рамазан Палмағамбет