Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Қазақ еліне +1 партия

Елімізде тағы бір партия құрылуы мүмкін. Елорда төрінде бастамашыл топ сегізінші саяси ұйымды құру туралы мәлімдеме жасады. Партия «Әділет» деп аталмақ. Белсенділер өзін прогрессивті реформалардың жақтаушысы, маңызды шешім қабылдау үдерістеріне халықты белсенді тартуды қолдаушы ретінде таныстырды. Олардың негізгі міндеті – Жаңа Конституция қағидаттары негізінде ел азаматтарының құқықтары мен бостандықтарын қорғау. Ертең бастамашы топ Әділет министрлігіне ұйымды тіркеуге дайындық рәсімін бастау туралы өтініш жібереді екен. Сондай-ақ жуырда партияның съезін өткізуді жоспарлап отыр. Мәлімдемеге қол қойғандардың арасында қоғам белсенділері мен омбудсмендер бар.

Қайыркен Отыншы

← Все новости