Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Ветеринарлар мал ұрлап жүр

Ветеринарлардың өзі мал ұрлап жүр. Батыс Қазақстан облысында ұйымдасқан қылмыстық топ құрықталды. Қолға түскен қарақшылар көптен бері жұрттың жайылымдағы төрт түлігіне қырғидай тиіп келген. Облыстық прокуратураның ақпаратынша, елді қан-қақсатқандардың арасында мал дәрігерлері де бар. Олар ұрланған түлікті деректер базасы арқылы заңдастырып, құжатта өзгенікін өзінікі етіп отырған. Күдіктілердің бәрі қамауға алынды. Атырау облысында да дәл осылай оңай олжа іздегендердің жолы кесілді. Баукеспелер түнгі уақытта елдің түйесін жым-жылас еткен. Өркешті жануарды жүк көлігімен Маңғыстау облысына жеткізіп, кейін сатуды көздеген екен. Қаскөйлердің кінәсі дәлелденді. Келтірілген шығын 10 миллион теңгеден асады. Айта кетейін, мал ұрлығы бойынша бізде заң қатал. Мүлкін тәркілей отырып, 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Бердібек Қарынбай

← Все новости