Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Ұшақ итті қағып кетті

О заман да, бұ заман, ұшақтың ит қаққанын естіп пе едіңіз? Шымкентте «Флай Арыстан» әуе кемесі үй жануарымен соқтығысып қалыпты. Алматыдан Шымкентке ұшып келген лайнерін әуежайға қондырып жатқан сәтте ұшқыштар жолаққа шығып кеткен итті көрмей қалған көрінеді. Бір қызығы, соққыдан алып ұшақ бүлінген. Әуе компаниясы шассидің бөлшектері жөндеуге келмейтінін, ауыстыру қажет екенін айтты. Бірақ нақты не сынғанын жарияламады, тек тиісті тексеріс басталғанын жеткізді. Ал жануардың қазіргі жағдайы мен әуежай айлағында қайдан жүргені әзірге белгісіз.

Нұрай Құрақпай

← Все новости