Перейти к содержимому
· 71 просмотр

«Ойлан қазақ» романы таныстырылды

Жазушы Ерлан Ахмедидің «Ойлан қазақ» романы бас қалада таныстырылды. Шығармада елуді еңсеріп, алпысқа таяған кейіпкердің көгілдір көктемі, басынан өткені, келешектегі қадамдары суреттеледі. Автор басты кейіпкерді ойландыра отырып, қоғамға ой салуға тырысқан. Жазушының үш жыл бойы толғатып, жеті ай жазған романы оқырман қауымның үдесінен шығыпты. Бүгінде «Mecenat.kz» әдеби сыйлығының ақтық кезеңіне жолдама алған 6 кітаптың қатарына кірген. Болашақта кітап болып басылып, әдебиет сүйер қауымға жол тартпақ.

ЕРЛАН АХМЕДИ, ЖАЗУШЫ:

«Ойлан қазақ» романында кең әрі терең тақырыптар қаузалады. Айталық, біріншіден, ұлттық тәрбие. Тарихи тізбек. Тарихи сабақтастық. Әділеттілік. Адалдық. Әке мен бала арасындағы байланыс. Қарым-қатынас. Яғни, бір кейіпкер, бір тұлға арқылы, бір локалды оқиға арқылы қазіргі ұлттың, халықтың хәл-ахуалын көрсету».

Жақсылық Жасұланұлы

← Все новости