Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Алаяқтарға алдана жаздады

Полицияның айтқанын құлаққа ілмеген. Алматы облысында алаяқтарға сенген келіншек қомақты ақшасынан айырылып қала жаздады. Әккілердің құрығына түскен әйел несие рәсімдеп, оны аудару үшін сауда орындарының біріне барған. Оның бұл әрекетін қызы байқап, бірден полицияға хабарлаған. Сол аралықта қаскөйлер келіншектің сеніміне кіру үшін «ешкімге айтпа, айтсаң ұсталып, қамаласың» деп әбден басын айналдырған көрінеді. Содан кейін қатты қорқып қалған тұрғын жанына келген полициядан тұра қашқан. Айтқандарына сенбей, бар тапқанын алаяқтарға аударуға асығыпты. Бірақ тәртіп сақшылары оны ақыры тоқтатып, сабырға шақырып, бір бәледен құтқарып қалды.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости