Перейти к содержимому
· 1 просмотр

Антальяда не айтылды?

Түркияда Анталия дипломатиялық форумы басталды. Биыл бесінші рет өткізіліп отырған басқосуға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та арнайы барған. Президент алдымен дәстүрлі жиынның панельдік сессиясына қатысу үшін NEST конгресс орталығына табан тіреді. Мемлекет басшысының сөзінше, Режеп Тайип Ердоғанның басшылығымен Түркия Республикасының халықаралық аренадағы беделі айтарлықтай нығайған. Сондай-ақ Президент әлемдегі геосаяси ахуал мен сын-қатерлер жөнінде де пікір білдірді. Әсіресе, беделі әлсіреген Біріккен Ұлттар Ұйымына реформа жасау қажет екенін кесіп айтты.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Ашығын айтқан жөн, «Ұйымға тез арада реформа жасалады» дегенге ешкім сенбейді. Өйткені БҰҰ-ны реформалау, өзгерту, қызметін қайта қарау мәселесін көптен бері көтеріп жүрміз. Одан ешқандай нәтиже шыққан жоқ. Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау, ең алдымен, Қауіпсіздік Кеңесінен басталуы керек екенін мойындауымыз қажет.

 Мемлекет басшысы Таяу Шығыстағы ахуалға қатысты ойын жеткізді. Келіссөздер барысында аймақтағы басты мәселелерге терең үңілу қажет деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ, ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:

Түйткіл ядролық технология мен ядролық қарудың таралуында еді. Бұл Иран төңірегіндегі қақтығысқа қатысты келіссөздердің басты тақырыбына айналуы керек. Бірақ қазір жаһандық сауда мәселесін талқылауға көшіп кеттік. Қиындықтарға қарамастан, ғаламдық сауда-саттық көлемі өсіп келеді. Былтырдың өзінде өсім 2,5 пайызды құрады. Яғни әлемдік саудадағы жағдай жаман емес. Алайда сауда-саттықтың сапасы мен мазмұны – үлкен проблема.

Антальяда өтіп жатқан «Болашақты жоспарлау, белгісіздікті басқару» форумы аясында 40-тан астам іс-шара өтеді деп жоспарланған. Алда көшбасшылар жаһандық жүйе, трансформация процесі, аймақтық даму турасында ой бөліспек.

Бердібек Қарынбай

← Все новости