Перейти к содержимому

Екі автобус соғылып, екі адам зардап шекті

Алматыда тағы да автобус апаты болды. Екі қоғамдық көлік соғылып, салдарынан 10 адам зардап шеккен. Полицияның мәліметінше, оқиға бүгін тапа-талтүсте болған. Сүлейменов көшесімен жүріп келе жатқан №15 автобус жүргізушісі Жандосов көшесімен қиылыста жаяу жүргіншілерге жол беріп тұрған 66-шы автобусқа соғылған. Қайта сол сәтте салонда жолаушылар аз болған. Үш адам ауруханаға жатқызылды, қалғаны амбулаториялық емге жіберілген. Жол апатының жай-жапсарын полиция анықтауда.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости