Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Мобильді аударымдар лимиті артуы мүмкін

Мобильді аударымдардың лимиті өсуі мүмкін. Салық органдары шекті соманы қайта қараған жөн деген шешімге келіпті. Қолданыстағы ережеге сәйкес, егер жеке тұлғаның шотына үш ай қатарынан тұрақты түрде 100-ден астам адамнан аударым түсіп, оның жалпы сомасы 1 млн теңгеден асса, банктер бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетіне хабарлайды.

Бірақ Ұлттық экономика министрлігі қазір ең төменгі жалақыны 150 мың теңгеге көтеру мәселесін талқылап жатқандықтан, жауаптылар аударымдар лимитін өзгертуді де ұсынып отыр. Салық органдарының дерегінше, енді жаңа меже 1 млн 800 мың теңге көлемінде белгіленуі мүмкін. Бұл – азаматтардың қаржылық операцияларын бақылау тәсілін жеңілдетіп, табыс деңгейіне сай реттеуді көздейді.

Нүрай Құрақбай

← Все новости