Перейти к содержимому
· 4 просмотра

«Қайтыс болған» адамдар да қызмет алады

Қайтыс болған адамдар да медициналық көмекке жүгінеді екен. Павлодарда ақ халаттылар өмірден өткен жандарды құжат бойынша «қабылдап», ем-дом жүргізгені анықталды. Ал гинекологтар ер азаматтарға да қызмет көрсеткен көрінеді. Жаға ұстатарлық деректерді өңірдің прокурорлары анықтады. Олар «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» жұмысына тексеріс жүргізген. Дәрігерлер бюджет қаражаты мен активтерін орнықтыру үшін осындай құйтырқылыққа барған. Мәселен, невропатолог, кардиолог, хирург, психолог және басқа да бейінді мамандардың қабылдауына әлдеқашан өмірден өткен азаматтар жазылған. Тіпті арнайы сертификаттары мен құжаттары жоқ тұлғалардың да халыққа медициналық қызмет көрсеткені белгілі болды. Бұл іс бойынша кінәлілер анықталып, бюджетке келтірілген 100 млн теңгенің шығыны толық өтеліпті. Мемлекет қаржысын жымқыру дерегі бойынша екі қылмыстық іс соттың қарауында жатыр.

Қайыркен Отыншы

← Все новости