Перейти к содержимому
· 18 просмотров

Дәмханада жарылыс бола жаздады

Шымкенттегі дәмханалардың бірінде алапат жарылыс бола жаздады. Кафенің ас бөлмесінен басталған тілсіз жау бірден шатырға таралған. Құтқарушылар келген кезде қызметкерлер тысқа шығып үлгерген, ал қонақтар болмаған. Өрт сөндірушілер қызыл жалынмен арпалысып жүріп 2 оттегі және 1 газ баллонын сыртқа шығарып, жарылыстың алдын алды. Қазір өрттің неден тұтанғаны анықталып жатыр.

Ғалымжан Кенжебек

← Все новости