Елімізде онкологияны ерте анықтау көрсеткіші 35 пайызға өскен. Бұл туралы Үкімет жиынында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Оның сөзінше, онкологияға қатысты скринингтен сақтандыруға қарамастан барлық азамат өте алады. Сондай-ақ инсульт белгілерін алдын ала анықтайтын скрининг түрлері де жанданып, 300 мыңнан астам адам бақылауға алынған.
АҚМАРАЛ ӘЛНАЗАРОВА, ҚР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІ:
Онкологиялық ауруларды ерте кезеңде анықтау шамамен 35 пайызға дейін өсті. Тиімді зерттеулермен қамту 4 пайыздан 38 пайызға дейін артты. Қан айналым жүйесінен болатын өлім-жітімді және мүгедектікті азайту үшін елімізде инсульт орталықтарының желісі қарқынды дамуда. Қазіргі уақытта заманауи жабдықталған 85 орталық қажеттілікті толық қамтиды.
Маржан Нүсіпбек