Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Ертіс өзеніндегі көпір тағы өртенді

Миллиардтаған ақшаға салынып жатқан көпір өртенді. Құрылысы жыр болған Павлодардағы автокөпір тағы да отқа оранды. Қызыл жалын Ертіс өзенінен 30 метр биіктіктегі нысанның 160 шаршы метр аумағын шарпыған. Құтқарушылар жанталасып жүріп, оттың жан-жаққа таралуына жол бермей, уақытында ауыздықтап үлгерді. Әйтеуір негізгі құрылымы зақымданбаған. Өрттің неден тұтанғаны әзірге белгісіз. Айта кетейік, бұл осы өткелдегі биылғы үшінші оқыс оқиға. Көпір қаңтар мен ақпанда да өртенген еді.

Қуат Құдайберген

← Все новости