Перейти к содержимому
· 8 просмотров

Автомектептердегі былық

Еліміздегі кейбір автомектептер техникалық тексерістен өтпеген көліктерді пайдаланып келген. Мұндай былықты жаппай тексеріс кезінде Ішкі істер министрлігі анықтады. Ведомство мәліметінше, бүгінде республикамызда 727 мекеме болашақ жүргізушілерді дайындап жатыр. Бірақ олардың көбі сапаға емес, санға көбірек мән берген.

Тексеріс кезінде автодромдардың жағдайы белгілі болды: жол белгілері жоқ, таңбалар өшіп кеткен, ал түнгі жарықтандыру талапқа сай емес. Тіпті кейбір көліктерде ақау болса да пайдаланылған. Нәтижесінде жүздеген оқу топтары жабылған.

АҚТОТЫ БОРАНОВА, ҚР ІІМ ӘПК РЕСМИ ӨКІЛІ:

Сонымен қатар жүргізушілерді даярлау үшін міндетті техникалық тексеруден өтпеген және сақтандыру полисі жоқ автокөлікті пайдаланған 59 оқу ұйымы анықталды. Нәтижесінде қазіргі таңда ІІМ Әкімшілік полиция комитеті автомектептердің 701 оқу тобының қызметін тоқтатты.

Үсен Астана

← Все новости