Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Президенттер EXPO-ны көрді

Шарадан шыға сала президенттер мен мәртебелі меймандар өңірлік экологиялық саммитке арналған көрмені аралады. EXPO-дағы павильондарда жасыл және орнықты технологияларға баса мән берілген. Экспозициялар қоршаған ортаны қорғап, экологиялық мәселелердің жаңа шешімін табуға және Арал маңын қайта қалпына келтіруге үндейді.

Мемлекет басшыларына аймақ елдеріндегі бизнес ұсынған экожобалар таныстырылды. Мамандар экологиялық ортаны қалыптастыру және қалдықтарды қайта өңдеу бойынша нақты шешімдер ұсынған. Көрме әлемнің 30 елінен келген 240-тан астам қатысушы мен халықаралық серіктестердің басын қосып отыр.

Қуат Құдайберген

← Все новости