Перейти к содержимому
· 3 просмотра

Кальян құмарларға жағымды жаңалық

Екі күннің бірінде барларда қорқорлатып отырғанды жаны сүйетін жандар үшін жағымды жаңалық! Енді 48 мың теңге қалтаңызда қалуы мүмкін. Себебі табак өнімдерін қоғамдық орында тұтынып, ұсталғандарға осы мөлшерде айыппұл салынатын еді.

Елімізде кальянға қатысты заң жұмсартылуы мүмкін. Қазір бұл ережені қайта қарастыру мәселесі талқыланып жатыр. Аталған тақырыпқа қатысты Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова түсінік берді.

Министрдің сөзінше, бір кездері Қазақстан кальяннан толық бас тартып, заңды қатаңдатқан. Бірақ соған қарамастан азаматтар табак өнімдерін тұтынуын тоқтатпаған. Алайда нақты шешім әлі қабылданған жоқ. Жауаптылар ережені халықаралық тәжірибеге сүйеніп, қайта талқыламақ. Себебі әлем елдерінде жұмыс істемейтін заңдарға сараптама жасап, тиімділігі дәлелденбесе норманың күшін жою тәжірибесі кеңінен қолданылады.

Қайыркен Отыншы

← Все новости