Щучинск қаласындағы жойқын жарылысқа қатысты тағы екі адам күдікті ретінде ұсталды. Прокурорлар жанармай бекетінің директорын және газ баллондарын жеткізушіні қолға түсірген.
Олар көгілдір отынды толтыру мен тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын өрескел бұзып, адам өміріне немқұрайлы қараған көрінеді. Қазір олардың бірі үйқамаққа алынса, екіншісі изоляторға қамалған.
Егер кінәлары дәлелденсе, 8 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Еске сала кетейік, ақпан айының соңында дәмханада болған алапат жарылыс 12 адамның өмірін жалмаған еді.
Қуат Құдайберген