Перейти к содержимому

Футбол алаңының тас-талқанын шығарған

Ақмола облысында жасөспірімдер футбол алаңын тас-талқан еткен. Күл-талқаны шыққан стадионның видеосы әлеуметтік желіге тарады. Кадрдан ойын алаңындағы барлық мүлік шашылып жатқанын, көрермендер отыратын орындықтардың сынғанын байқауға болады. Бұзақылар мұнда рұқсатсыз кіріп, тіпті сол жердегі дүңгіршектердің де терезесін шағып тастаған. Бірақ бөтеннің дүниесін бүлдіргендер ақыры ұсталып, ата-аналарымен бірге полиция бөліміне жеткізілген. Тергеу жүріп жатыр.

АМАНДОС МЫҢЖАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ПД ТЕРГЕУ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:

Мойындау айғақтары алынды. Қазіргі уақытта жан-жақты, толық және объективті тергеу жүргізілуде. Екі жақтың да дәлелдері мұқият тексерілуде. Болған оқиғаның барлық мән-жайлары, сондай-ақ өзге адамдардың ықтимал қатысы белгіленуде. Тергеу барысы полиция департаменті басшылығының бақылауында.

Маржан Нүсіпбек

← Все новости