Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Жанабыловтар сот залында жылап жіберді

Заңды бұзғанымыз үшін шын жүректен өкінеміз. Бас қалада блогер Жанабыловтардың ісі бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Соңғы сөзін сөйлерде Эльмира Төлегенова көз жасына ерік беріп, соттан оларды бас бостандығынан айырмауды өтінді.

ЭЛЬМИРА ТӨЛЕГЕНОВА, КҮДІКТІ:

Бұл біз үшін үлкен өмірлік сабақ болды. Заңды бұзғанымыз үшін шын жүректен өкінеміз. Соттан бас бостандығымыздан айырмайтын жаза тағайындауды сұраймыз. Сондай-ақ процессуалдық келісім жасасуды өтінеміз, оның барлық шарттарын түсіндік.

Алайда екі сағатқа созылған талқылаулардан соң прокурор қосымша уақыт сұрап, сот отырысы 27 сәуірге, яғни келесі аптаның дүйсенбісіне дейін шегерілді.

Еске салайын, Instagram желісінде 15 млн-ға жуық оқырманы бар Ерболат Жанабылов пен Эльмира Төлегеноваға заңсыз лотерея ойындарын ұйымдастырды деген айып тағылған. Ерлі-зайыптылар 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қылмыстық іс аясында келтірілген жалпы шығын көлемі 247 млн теңге шамасында бағаланып отыр.

Нұрай Құрақбай

← Все новости