Жасанды интеллект көмегімен жасалған қысқаметражды фильмдер сынға түседі. Жүлде қоры – 1 млн доллар. Жеңімпаз қазан айында Астанада өтетін AI Film кинофестивалінде белгілі болады.
Оған 50-ден астам мемлекеттен креаторлар қатысады деп жоспарлануда. Жалпы, Орталық Азияда бұрын-соңды мұндай жоба болмаған.
Айта кетейік, сайыстан бөлек AI-контентке қатысты конференция, авторлар мен продюсерлерге арналған шеберлік сабақтары, сондай-ақ пікірталастар ұйымдастырылмақ.
АЛМАС ЖАЛИ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ:
Бұл Орталық Азияда бұрын болмаған фестиваль. Жасанды интеллектімен жасалған кино әлі болмаған. Біз зерттеп шықтық, мұндай фестивальдар тек 2025 жылы ғана пайда бола бастады. Олар Кореяда, Жапонияда, Дубайда өтті. Біздің фестивальдің ерекшелігі – ешқандай шектеу жоқ. Кез келген мемлекеттен қатысуға болады, қатысушының кім екені маңызды емес, ең бастысы – өнімнің өзі.
Қуат Құдайберген