Перейти к содержимому
· 4 просмотра

Полицейлерге 100-ден астам көлік берілді

Қызылордалық тәртіп сақшыларының автопаркі су жаңа қызметтік көліктермен толықты. Патрульдік полиция қызметкерлеріне 114 темір тұлпар берілді. Көліктер қажетті құралдармен жабдықталған. Барлығында байланыс құралы, бейнетіркеу жүйесі, бағыттау құрылғысы және арнайы жарық пен дыбыс сигналдары бар.

Шараға облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев қатысты. Оның айтуынша, өңірде құқық қорғау органдарының материалдық-техникалық жағдайын жақсарту үшін жүйелі жұмыс жүргізіліп келеді және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады.

АЛИХАН ЖҰБАТҚАНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ПД ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ:

Жаңа автокөлік алу – полиция қызметкерлері үшін үлкен жауапкершілік. Бұл көлік біздің күнделікті жұмысымызды жеңілдетіп, тапсырмаларды жылдам әрі сапалы орындауға мүмкіндік береді. Заманауи технологиялармен жабдықталғандықтан, қауіпсіздік деңгейі де жоғары. Біз үшін ең маңыздысы – халықтың тыныштығын сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жанғали Ысқақ

← Все новости