Шымкентте кәсіпкерді бопсалап, оның екі көлігін және қомақты ақшасын тартып алғандар ұсталды. Күдіктілерді полицейлер 3 мың доллар алып жатқан жерінен ұстаған. Қаскөйлер жәбірленушінің ізінен бір елі қалмай, түрлі қысым көрсеткен. Қалталыны қан қақсатқан күдіктілер қазір қамауда. Олардың әрекеті тергеу барысында анықталады.
БАҒЛАН ИСАТАЕВА, ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Жедел іс-шара нәтижесінде күдіктілер қылмыс үстінде ұсталды. Төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Екі автокөлік заңды иелеріне қайтарылды.
Ғалымжан Кенжебек