Перейти к содержимому
· 5 просмотров

ҰБТ тапсыратындарға маңызды ескерту

Аз уақыт қалды. Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығы мектеп бітіргелі жатқан түлектерге шұғыл ескерту жасады. Биыл бағын сынап, ҰБТ тапсыратындарға емтихан өтетін орнын, күні мен уақытын таңдау үшін бір-ақ күн ғана уақыт қалыпты. Яғни бәрін ертең, 25 сәуір күні түнгі сағат 23:59-ға дейін үлгеру керек. Одан кейін жіберілген өтініштер қабылданбайды. Оның өзін мұқият қарап, бірнеше рет тексеріп алған дұрыс. Әйтпесе кейін өзгеріс енгізуге мүмкіндік болмайды. Тек таңдаған пәні мен тілі бойынша өзі тест тапсыратын күннен 24 сағат бұрын басқасын таңдауға мүмкіндік беріледі. Бүгінге дейін 441 мың түлек ҰБТ тапсыру туралы өтініш жіберіп үлгерген.

Нұрай Құрақбай

← Все новости