Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Зейнетақы қорындағы ақшаңыздан айырылып жүрмеңіз

Зейнетақы қорындағы бар қаржыңыздан қағылып жүрмеңіз. Жауаптылар салымшыларға шұғыл ескерту жасады. Қордың мәліметінше, әлеуметтік желілерде ең төменгі жеткілікті шегінен асқан қаражатты қиындықсыз шығарып береміз деген хабарламалар жиілеген. Пысықайлар тіпті төлемдерді ешқандай делдалсыз әрі комиссиясыз жүзеге асырамыз деп уәде береді. Алайда бұл тиімді ұсыныс емес, алаяқтардың кезекті айласы. Күмәнді схемаларға қатысу арқылы сіз тек ақшаңызды жоғалтып қана қоймай, жеке деректеріңізге де қауіп төндіруіңіз мүмкін. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындарды ресми ақпаратқа сенуге шақырып, мұндай операциялар тек уәкілетті екінші деңгейлі банктер арқылы жүзеге асырылатынын ескертті.

Нұрай Құрақбай

← Все новости