Перейти к содержимому
· 5 просмотров

Ғасыр бұлбұлының шеберлік сабағы

КСРО және Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенттерімен кездесті. Көргені көп, тәжірибесі мол өнер иесі жастарға білген-түйгенін үйретті.

БИБІГҮЛ ТӨЛЕГЕНОВА:

Бүгін менің ойыма бірінші келгені – халық әндерін насихаттау. Қалай айту керек? Өйткені мен үлкен ақсақалдарды көрген адаммын. Сол көргенім мен естігенімді жастарға жеткізгім келеді. Әсіресе, қазақ әндерін қалай айту керек екенін көбі біле бермейді.

Бибігүл Ахметқызы студенттер орындаған халық әндерін ұйып тыңдады. Хас шебердің айтуынша, әрбір халық әнінің болмысы бөлек, тарихы терең. Сондықтан оны жүректен өткізіп, жан-дүниемен сезініп барып орындау қажет. Әйтпесе, тыңдарманға жетпейді.

САЯТ АБДУЛЛА:

Бұл кісі – қазақ опера өнерінің аңыз адамы. Сондықтан оның әрбір сөзін сын емес, ақыл, өмірлік азық ретінде қабылдаймын. Әрбір айтқаны біз үшін үлкен қазына.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости