Перейти к содержимому
· 23 просмотра

Президент Нидерланды королін құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Нидерланды королі Виллем-Александрды мерекесімен құттықтап, арнайы жеделхат жолдады. Себебі қызғалдақтар елінде бүгін ерекше мейрам. Еуропадағы шағын мемлекет Король күнін атап өтеді. Айтулы дата елде 2014 жылдан бері тойланып келеді. Себебі дәл сол уақытта билікте 33 жыл отырған Беатрикс патшайым тақты ұлына тапсырып, демалысқа кеткен. Ал мерекені Нидерланды халқы бар сән-салтанатымен атап өтеді. Жаппай думанды кештер ұйымдастырылады. Сондай-ақ, бұл күні саудагерлер көшеде ешқандай құжатсыз тауар сата алады. Президент Нидерланды королін мерекесімен құттықтай келе, қос ел арасындағы ынтымақтастық одан әрі нығаятынына сенім білдірді.

Қайыркен Отыншы

← Все новости