Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Чернобыль апатына – 40 жыл

Биыл Чернобыль апатына – 40 жыл. Өткен ғасырдың ең ауыр қасіреті бір отбасыны баладан, енді бірін әкеден айырды. Жарылыс салдарын жоюға аттанған 32 мың отандасымыздың бүгінде 4 мыңы ғана аман. Елордалықтар ядролық апат құрбандарын еске алып, ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, тағзым етті.

ӘДЕПХАН АХМЕТОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРІ ҚОҒАМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Олар көрінбейтін жаумен арпалысты. Қазіргі таңда 4 мың адам қалса, соның 80 пайызы мүгедек атанып отыр. Көбі арбаға таңылған арыстандай жігіттеріміз мүгедектік алып отыр. Ол радиация Ресей, Украина, Беларусь қана емес, бүкіл Еуропаға таралып кетті. Сондықтан 40 жылдықты үлкен масштабта атап өтейік деген ойдамыз.

Жарылыс болған кезде елімізден әскер қатарында жүрген 18-20 жасар боздақтар аттанған еді. Қатарында елордалық Бақытжан Әшірбаев та бар. Сол күн мәңгі есімнен кетпейді дейді.

БАҚЫТЖАН ӘШІРБАЕВ, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ЧЕРНОБЫЛЬ АРДАГЕРЛЕРІ ЖӘНЕ МҮГЕДЕКТЕРІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУ КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:

Біз оқу орнын бітіргеннен кейін әскер қатарына шақырылдық. 1985 жылы шақырылып, бізді Украинаға алып барды, Киевке. Сол жерде бір жыл қызмет жасап жүрген кезімізде, 1986 жылы 26 сәуірге қараған түні сағат 1:45-те Чернобыльде жарылыс болды деген хабар келді. Жұмыс жасау барысында әркімнің өзінің учаскесі болды. Біреулер тұрғылықты халықты эвакуация жасауға көмектесті. Екіншілері сол жерге басқа адамдар кіріп кетпеу бойынша жұмыс жасады.

Нұрай Құрақбай

← Все новости