Перейти к содержимому
· 20 просмотров

Алматыда тағы да тәртіп күшейді

Алматыда тағы да тәртіп күшейді. Енді полицейлер қала көшелерінде патрульдеу мен тексеру шараларын жиі жүргізеді. Шаһарда «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы басталды. Әкімшілік полиция басқармасының басшысы Әбдінұр Тасыбаевтың айтуынша, полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істейді. Яғни, қоғамдық орындардағы құқық бұзушылықтардың алдын алудан бастап, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге дейін ерекше назар аударылады. Тәртіп сақшылары қала тұрғындары мен қонақтарын заң талаптарын сақтауға кеңес береді.

Ұлан Тәліпбай

← Все новости