Перейти к содержимому
· 16 просмотров

Лагерьлерді ескертусіз кіріп тексереді

Енді жазғы лагерьлерге талап күшейтіледі. Денсаулық сақтау министрлігі демалыс орындарына ескертусіз барып, жай-күйін тексереді. Тіпті балалар шомылатын судың да, топырақтың да сынамасын аламыз деп бекініп отыр. Ондағы мақсат – бүлдіршіндердің денсаулығы мен қауіпсіз тынығуын қамтамасыз ету. Сондай-ақ лагерь әкімшілігі бес мезгіл тамақпен шектелмей, олардың үй-жайын мұнтаздай таза ұстап, ауыз судың үздіксіз болуын қамтамасыз етуі тиіс. Әр бөлмеде міндетті түрде желдеткіш болуы керек. Бұрынғыдай бала ауырса ғана дәрігер шақыратын сауықтыру ұйымдарында енді бір медицина қызметкері күндіз-түні жүреді.

2026 жылдың екінші жартыжылдығында министрлік мемлекеттік бюджеттің есебінен қаржыландырылатын барлық балалар сауықтыру ұйымдарын мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібі шеңберінде тексереді. Биыл алғаш рет жоспарлы тексеру тетігі енгізілді. Бұл тізімдер 10 мамырға дейін комитеттің аумақтық бөлімшелерінің интернет-ресурстарында жарияланады. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің хабарламасынан.

Гүлнәзия Мейірханқызы

← Все новости