Астанаға ресми сапармен Израиль Президенті Ицхак Герцог келді. Мәртебелі мейманды Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты жағдайда қарсы алды. Президенттер бір-біріне делегация мүшелерін таныстырғаннан соң Құрмет қарауылы сап түзеп, екі елдің әнұрандары орындалды.
Тараптар екі ел арасындағы стратегиялық байланыстарды жаңа деңгейге көтеруді көздейді. Сондықтан алда жоғары деңгейлі келіссөздер жүргізіліп, экономикалық серіктестікті ілгерілету мен технологиялық әріптестікті нығайтуға басымдық берілмек.
Бердібек Қарынбай