Сәуірдің соңы бірнеше өңір үшін суық болғалы тұр. Қазгидромет кей аймақтарда ауа температурасы -2 градусқа дейін төмендеп, үсік жүреді дейді. Дәлірек айтқанда, бүгін түнде солтүстік, шығыс пен орталық өңірлерде қолайсыз күн райы сақталады. Ал ертеңнен бастап еліміздің біраз бөлігінде жаңбыр жауып, таулы аймақтарда жауынның соңы қарға ұласуы мүмкін. Дегенмен, сәрсенбіден бастап күн жылынып, батыс пен шығыста +20, солтүстікте +25, ал оңтүстік аймақтарда +35 градусқа дейін аптап ыстық күтіледі.
АРУЖАН МҰРАТОВА, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РМК БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:
Республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл болжанады. Түнгі және таңғы сағаттарда республика бойынша тұман күтіледі. Солтүстік пен солтүстік-батыста 28-29 сәуірде түнгі уақытта үсік жүреді деп күтіледі. Күндіз ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды.
Нұрай Құрақбай