Перейти к содержимому
· 2 просмотра

Тасқыннан қауіп бар ма?

Елімізде су тасқыны қаупі сейілді. Дегенмен арқаны кеңге салуға әлі ерте. Республиканың оңтүстік, батыс және орталық өңірлерінде жағдай тұрақталса, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жедел штаб жұмысы толастаған жоқ. Шығыс өңірде су тасқынының екінші толқынына дайындық қызу жүріп жатыр. Өйткені мұнда мамыр айында тау бөктеріндегі қар еріп, қауіп артуы мүмкін. Осыған орай аймақтағы учаскелер мен гидротехникалық құрылыстар жіті бақылауға алынды, деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар министрлігі. Ал теріскейде тасқын жағдайына тұрақты мониторинг жүргізіліп жатыр. Бұл жұмысқа аймақтағы әскери бөлімнің күштері жұмылдырылған. Олар Петропавл қаласында, Заречный кентінде және Қызылжар ауданының Бескөл ауылында қауіпсіздікті күзетуде. Жалпы төтенше жағдайдың алдын алу аясында өзендер, көлдер мен су қоймаларына аэровизуалды тексеру жүргізілген.

Бердібек Қарынбай

← Все новости