Елімізде 14 жасқа толған жасөспірімдерге жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге рұқсат берілді. Алайда жас бизнесмендерге қойылатын нақты құқықтық талаптар бар. Ең басты шарт – ата-анасының немесе заңды өкілінің жазбаша келісімі болуы тиіс. Егер мұндай рұқсат болмаса, мәселе қорғаншылық органдарының шешімімен немесе сот арқылы реттеледі. Сот кәмелетке толмаған азаматты толық әрекетке қабілетті деп таныған жағдайда ғана өз ісін бастауға жол ашылады.
Бүгінде жеке кәсіпкерлікті тіркеу процесі айтарлықтай жеңілдеген. Өтінімді eGov.kz порталы, e-Salyq Business қосымшасы немесе екінші деңгейлі банктердің мобильді сервистері арқылы жолдауға болады. Сондай-ақ, Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік кірістер органдарына да жүгінуге мүмкіндік бар.
Үсен Астана