Бүгін жедел жәрдем қызметкерлерінің күні. Күні-түні тыным көрмейтін мамандар өткен жылы 8 миллионнан аса шақыртуға барған. Ал биылғы жылдың алғашқы үш айында 2 миллионға жуық адамға алғашқы медициналық көмек көрсетті. Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, қызмет сапасы артып келеді. Былтырмен салыстырғанда оң реанимация көрсеткіші 8 пайызға жуық өсіп, ауруханаға жеткенше көз жұматындар саны азайған. Соңғы жылдары автопарк жаңарып, цифрлық жүйе іске қосылды.
Рамазан Палмағанбет