Перейти к содержимому
· 6 просмотров

Домбыраны ұшақта алып жүруге рұқсат берілді

Әншілер мен күйшілер қауымы үшін сүйінші жаңалық. Енді қазақтың қара домбырасы мен киелі қобызын ұшақ бортында емін-еркін алып жүресіз. Көлік министрлігі әуе кемесінде музыкалық аспаптарды тасымалдау ережелеріне өзгеріс енгізіліп жатқанын мәлімдеді. Азаматтардан келіп түскен сансыз өтініштердің негізінде оны футлярмен қол жүгі ретінде тасымалдауға рұқсат берілмек. Бұл ретте аспаптың ұзындығы 110 см-ден, ал салмағы 10 келіден аспауы тиіс. Бұған дейін әуе компаниялары мен өнер иелері арасында түсініспеушіліктер жиі туындайтын. Сондықтан бұл норма даулы жағдайларға нүкте қоймақ.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КӨЛІК МИНИСТРЛІГІ:

Егер жолаушы тек бір музыкалық аспапты, яғни домбыраны алып жүрсе, оны тасымалдау қол жүгі ретінде тегін өткізеді. Ал музыкалық аспап қол жүгінің қосымша бөлігі ретінде тасымалданған жағдайда, белгіленген нормадан асатын жүк үшін әуе компанияларының қолданыстағы қағидаларына сәйкес ақы алынады. Бұл түзетулерді қабылдау жолаушылардың құқығын қорғау деңгейін арттыруға және әуе көлігінде музыкалық аспаптарды тасымалдауды реттеуді жетілдіруге бағытталған.

← Все новости