Перейти к содержимому
· 7 просмотров

Ақын есімі алаңда ұлықталды

Алаңға шыққандары ақтап алған ақын есімін алаңда жүргендер ұлықтады. Шымкенттік «Ордабасы» клубының жанкүйерлері Мұхтар Шаханов бейнеленген баннер ұстап, қоғам қайраткерінің рухына тағзым етті. Елдің жанарына жас үйірген оқиға Қазақстан кубогының 1/8 финалында болды. Оңтүстіктің командасы өз алаңында ақтаулық «Каспийді» қабылдады. «Ордабасы» жауапсыз үш гол соғып, қарсыластарын ойсырата ұтты.

Дегенмен ел назары ақынның бейнесінде болды. Бұл Шаханов шыққан шыңның аласармайтынына тағы бір дәлел болса керек.

← Все новости