Перейти к содержимому
· 17 просмотров

Шегірткемен күрес басталды

Ақтөбеде шегірткемен күрес басталып кетті. Мамандар биыл алғаш рет агродрондардың көмегіне жүгінбек. Одан бөлек 84 техника, 10 ұшақ дайындалған. Химиялық өңдеу жұмыстары әуелі Шалқар және Ырғыз аудандарында жүргізіліп, кейін қалған аймақтарда жалғасады. Жалпы, биыл үйірлі шегірткеге қарсы 424 мың, ал саяқ шегірткеге қарсы 160 мың гектар аумақ өңделмек.

Улау жұмыстарына жауапты мердігер анықталып, препараттар да дайын. Инспекция мамандары атқарылатын жұмыстарды пысықтап, құрал-жабдықтарын көрсетті.

ДАСТАН САҒЫРОВ, АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІНДЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ИНСПЕКЦИЯ КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Меншік иелері дер кезінде өздеріне тиесілі жерлерде дернәсілдер анықталған жағдайда бізді хабардар етуі керек. Яғни, болжам орталығы бар, әр ауданда орналасқан және инспекция мамандары бар. Бір апта бұрын Шалқар, Ырғыз аудандарына техникалар жеткізілді. Шегірткетектес дернәсілдердің шығуына байланысты химиялық өңдеу жұмыстары дер кезінде жүргізіледі.

Ақбаян Сұлтанмұратова

← Все новости