Перейти к содержимому
· 9 просмотров

Бас қалада бақалар қаптап кетті

Бас қалада бақалар қаптап кетті. Елорда тұрғындары жақында ғана ашылған Самал саябағы аумағындағы жағдайды көріп, таңғалып жатыр. Су жаңа саябақтың сәнін кіргізіп тұрған көпірдің үстінен өтсеңіз болды, қосмекенділердің «тегін концертіне» тап боласыз. Бақалардың дауысы айналаны жаңғыртып тұр. Мамандардың айтуынша, қазір тоғанда Орта Азиялық бақалардың көбею кезеңі жүріп жатыр. Шу деңгейінің уақытша күшеюі де осыған байланысты. Алайда тұрғындардың шағымынан кейін су айдынында арнайы тазарту жұмыстары басталған.

Нұрай Құрақбай

← Все новости