Перейти к содержимому
· 14 просмотров

Алматыда жаңбыр шелектеп жауып жатыр

Алматыда коммуналдық қызметтер күшейтілген режимге көшті. Өткен тәулікте толассыз жауынның салдарымен күрескен мамандар тыным таппастан жұмыс істеп жүр. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді. Шелектеп құйған жауыннан қала көшелері суға толып, жаяу адам түгілі көліктердің де қатынауы қиынға соқты. Ал Қазгидрометтің мәліметінше, бүгін нөсер жаңбыр көрсетіп тұр. Найзағай ойнап, желдің екпіні секундына 15-20 метрге дейін жетеді деп күтілуде.

Қалада су тасқынының алдын алу үшін коммуналдық қызметтер мен мердігерлер тәулік бойы кезекшілікке қойылған. 120-ға жуық арнайы техника мен 74 мотопомпа, 75 жедел бригада дайын тұр. Сондай-ақ қалалық құтқару қызметі мен төтенше жағдайлар департаментін, «Алматы тазалық» мекемесінің қызметкерлерін қоса алғанда, 3 мыңнан астам жұмысшы мен 1200 техника қызмет көрсетуге әзір. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына таулы аумақтарға бармауға кеңес беруде.

← Все новости